«Көңілімнің шуағы»

(0 Votes)

А.Құнанбаев атындағы  орта мектепте «Көңілімнің шуағы» атты сыр-сұхбат кеші өтті.

Шараға ақын, ардагер журналист Қуат Мыңтұрғанов қонақ болды. Мектеп директоры Руслан Құрманғалиұлы кешті ашып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Оқушыларға жерлес ақынның шығармашылығы таныстырылып, кіші буын жастарға патриоттық рух беруді мақсат етілген кеш барысында мектеп оқушылары ақынның туындыларын оқып, ән шырқады.  Кейін оқушылар ақынмен сыр-сұхбат жүргізді.

Қуат ата балалық шағынан бастап, қалам ұстап шабыт тұлпарына қалай мінгендігі туралы сыр шертті. Өзінің өмір жолын және шығармашылығымен таныстырды. 

Кеш соңында мектептің ақындық өнерге бетбұрыс жасаған оқушылары өлеңдерін оқып берді. Жыр әлеміндегі туындыларыңыз сарқылмасын деген ақжарма тілекпен кеш қорытындыланды.

 

Гүлшара Жауғаштықызы,

кітапханашы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521