Доссорда "Әуенді тап" атты музыкалық сайыс өтті

(0 Votes)
Доссорда "Әуенді тап" атты музыкалық сайыс өтті

Осындай атаумен жуырда Доссор мәдениет үйінде ауданының 100 жылдық мерей тойына орай мекеме қызметкерлері арасында музыкалық сайыс өтті.

“Әуенді тап” музыкалық сайысы - мекеме қызметкерлерін өнер қырынан танып, музыкалық шеберліктерін дамытуды мақсат етті.

Аталған сайыс 5 кезеңнен тұрып, 5 топтан әр мекемеден 2 үміткерден жұптасты.

Нәтижесінде, Қазылар алқасының шешімімен С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының мұғалімдері Қуандық Таңғалиев және Айкөркем Анесова жүлделі I орынды жеңіп алып, сайыс жеңімпазы атанды.

Ал, "Мақат мұнай және газ" технологиялық колледжінің қатысушылары Қуаныш Есенжан мен Баян Ташембаева ІІ орынды иеленсе, А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің қатысушылары Жансая Тілеуова мен Бақтыгүл Айтмұхамбетова ІІІ орынды місе тұтты.

Сонымен қатар, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінен Ақтоты Буриева мен Гүлнұр Хайрошева, О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің қатысушылары Ақжан Қарлданова мен Айымгүл Суюбаева алғыс хатпен марапатталды.

Жарыс соңында сайыс қатысушыларына Доссор мәдениет үйінің атынан сыйлықтар табыс етілді.

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521