Альфия "Әлем аруы-2019" байқауында бақ сынайды

(0 Votes)

Атыраулық Альфияны қолдап, дауыс берейік! «Әлем аруы-2019» байқауы 8 желтоқсанда яғни жексенбі күні. Еліміздің намысын қорғайтын ару АҚШ жетіп, дайындық үстінде. Конкурс Атланта қаласында өтеді.

Өз-өзіне сенімді Жерлесіміз 18 жасар Альфия Ерсайынның байқаудағы мақсаты – жеңіс! Оны Instagram желісінде тауып, дауыс бере аласыз alfiya_yersaiyn. Байқауалды дауыс беруде ең көп қолдау жинаған қатысушы, Әлем-аруы финалында ТОП-20 үздіктер қатарына енеді.  Әр тұрғын бір дауысты тегін бере алады. Ал қосымша тағы дауыс бергеннен  түскен қаражат, қайырымдылыққа жұмсалады.

 Айта кетейік, біздің Альфия сұлу әрі ақылды болғаннан бөлек, жүрек-қан тамырлар ауруын алдын алу қозғалысының қолдаушысы және үнемі қан тапсыратын донор. Бұдан бөлек, Альфия жағдайы төмен отбасыларының балаларын тегін оқытатын мектеп ашуды армандайды.

Сонымен, жексенбі күні, 8 желтоқсанда бүкіл әлем бойынша отандық бауқауларының 90 жеңімпаздары  «Әлем аруы-2019» атағын жеңу үшін сынға түседі. Атыраулық Альфияны қолдап, дауыс берейік!

Айгерим Талгаткызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521