Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Атыраудың бұрынғы бас дәрігеріне 5 млн теңге айыппұл салынды

(0 Votes)
Атырауда сот үкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк Аймұрзиеваға 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін №2 Атырау қалалық сотында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк Аймұрзиеваға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Ол ҚР Қылмыстық кодексіндегі 371-баптың 2-бөлігі (ауыр салдарға әкеліп соққан салғырттық) бойынша айыпталған еді.
 
Сот оны осы баппен кінәлі деп таныды. Оған 2000 АЕК көлемінде, яғни 5 миллион 302 мың теңге айыппұл салды. Сонымен бірге, ол үш жыл медицина саласында басшылық қызметті атқару құқығынан айырылды» -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
 
Мәншүк Аймұрзиева бұған дейін өткен сот отырысында өзінің кінәсін мойындап, процессуалды келісім жасауға ниет танытқан болатын. Ол 2017-2019 жылдары Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарды. Ал, былтырғы казанда Атырау облыстық перзентханасындағы тоңазытқышта сәби өлімі тіркелгеннен кейін өз еркімен қызметінен кеткен еді.

inform.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521