Семіргің келмесе, билеп жүр

(0 Votes)

Күнделікті үй жағдайында да түрлі әуендерді қосып, өміріңізді қызықты етіп, денсаулығыңызды нығайтуға болады.

Ешбір медицина қызметкері бидің денсаулыққа пайдалы екеніне күмән келтірмейді. Тіпті, қазіргі кезде битерапиясы да бар. Мұндай билер тек сіздің физикалық саулығыңызды ғана арттырып қоймай, барлық жағдайыңызға әсер етеді. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысы жақсарады. Әйелдерде кездесетін гинекологиялық мәселелердің алдын алуға әрі жоюға септігі мол.
Әсіресе шығыс билерінің пайдасы көп деп айтуға болады.
Мәселен, «танец живота» ішектерге айтарлықтай әсер етіп, массаж болатындықтан, оның жұмысы жақсара бастайды. Тыныс алу жолдарына да жағымды әсері бар. Бимен күнделікті айналысатын адамдар сирек тұмауратады. Өйткені олар би билеу арқылы көптеген аурулардың бетін қайтарады. Суық тиіп ауырып жатып қалмайды. Сондықтан да би билеуді кейінге қалдырмаған дұрыс. Алайда созылмалы бронхитпен ауыратындарға бидің жеңіл түрімен айналысқан жөн. Би – сіздің мүсініңізді тартымды етеді. Арқа омыртқаларын қалыпқа келтіріп, иықты түзу ұстауға үйретеді. Мұны бишілердің сырт келбетінен-ақ аңғаруға болады. Омыртқаның қалыпқа келуі бүкіл ішкі ағзалар жұмысын жақсартып, адамның саулығын арттыра түседі екен. Мүсініңіздің сымдай тартылғанын қаласаңыз да, би билеген өте пайдалы. Себебі мұндай әдемі бейненің барлығын би жасайды. Өз-өзіңізге деген сеніміңіз артады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, бимен шұғылдану арқылы сырт келбетті тартымды етіп, денсаулықты нығайтып, көңіл-күйіңізді көтересіз. Міне, мұның барлығы адамның сенімділігін арттырып, өзін бағалауға үйретеді. Сондай-ақ, үнемі жігерлі, қайратты болып жүресіз. Сіздің санаңызда шаршау деген ұғым болмайды. Белсенді қимыл-қозғалыс жүрек бұлшықеттерін нығайтып, қанайналымын күшейте түседі. Сонымен қатар, билеген уақытта майда қан тамырларының да айналымы жақсарып, ұйыған қан болса жойылады екен. Мамандардың айтуынша, би билеу қан тамырларына да айтарлықтай жаттығу дейді. Мәселен, тамырлардың жиырылып, созылуы қан қысымының реттелуіне көмектеседі. Фитнестің ең пайдалы әрі көңілді түріне жататын би өнерінің кереметтей қасиеттерін алға тарттық. Би билеу қашанда артықтық етпейді. Ал, бидің қай түрімен айналысатыныңызды, қай түрінің пайдалы екенін білу өте маңызды.

Р.ТАЙШЕКЕНОВА,
аудандық орталық
аурухана директорының орынбасары

Cурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521