ҰБТ-ның алғашқы кезеңі аяқталды

(0 Votes)

2020-2021 оқу жылының Ұлттық бірыңғай тестілеуінің алғашқы кезеңі аяқталды.

Аудан бойынша мектеп бітіруші 259 оқушының 217-сі тестілеуге қатысуға өтініш білдірген.

ҰБТ Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп ғимаратында 20, 21, 22 қаңтар күндері үш кезекпен өткізілді.

61437d1b-16e4-4fc5-8ad5-128c5f3f5cf1

20 қаңтар күні Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің 60 оқушысы және Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің 7 оқушысы сынақ тапсырса, 21 қаңтар күні М.Баймұханов атындағы орта мектебі, Л.Шахатов атындағы орта мектебі, О.Сарғұнанов атындағы орта мектебі, Атырау Білім инновация лицейінен барлығы 73 оқушы тестілеуге қатысты.

Бүгін 22 қаңтар күні С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты, А.Құнанбаев атындағы орта мектебі, Х.Санбаев атындағы орта мектебінен барлығы 78 оқушы өз білімдерін сынады.

2b94c7d0-2af8-440f-810e-4373b1e78df9

Оқушылар аудиторияға уақытынан кешіктірілмей, санитарлық талаптар қатаң сақтала отырып кіргізілді. Сондай-ақ, аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Долдашев оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, білім сынағына сәттілік тіледі. Сынақ әдеттегідей 4 сағатқа созылды.

Үш күнге созылған тестілеудің қорытындысы бойынша оқушылардың жинаған жалпы ұпайының  орта балы - 50,3 пайызға тең. Былтырғы қаңтар айындағы тестілеудің нәтижесі 48,1 пайыз болған еді.

90aa1fea-ad30-446e-bd60-fa00843075c1

Сондай-ақ, ең жоғары 112 ұпай С.Шарипов атындағы орта мектебінің оқушысына тиесілі болса, ең төмеңгі 9 ұпайды М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушысы жинады.

М.Серікқызы

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521