НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ҚҰЖАТ ТАПСЫРУ ЖАЛҒАСУДА

(0 Votes)

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 жаңа оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында 2020-жылдың 31 қаңтарына дейін облыстағы мектептердің 6-сынып оқушыларын 7-сыныпқа қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайда жүргізіледі: Атырау қаласы, Нұрсая мөлтек ауданы, 11 көше 22 ғимарат, 106 аудитория. Емтихан 2020 жылдың 14-15 наурызында өтеді. Қосымша ақпарат www.nis.edu.kz сайтындағы «Үміткерлерге» бөлімінде.

whatsapp-image-2020-01-13-at-17_37_58

Қабылдау комиссиясына ұсынылатын қажетті құжаттар тізімі:

-    конкурсқа қатысу туралы өтініш;
-    үміткер туралы сауалнама;
-    үміткердің ЖСН нөмірі көрсетілген туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-    үміткердің заңды өкілдерінің тиісті төлқұжаттарының көшірмелері;
-    086 медициналық анықтамасы;
-    5 сыныпты аяқтағаны туралы жылдық табельдің көшірмесі және 6-сыныптың І-ІІ оқу тоқсанын аяқтағаны туралы табельдің көшірмесі – табельдер міндетті түрде мектеп директорының қолтаңбасымен және білім беру ұйымының мемлекеттік мөрімен расталуы қажет;
-    жоғары сападағы фотосурет (үміткердің қабылдау комиссиясында фотоға түсуі міндеттеледі)
-    құжаттарды сақтауға арналған файл-бетшелері бар тезтікпе;

Ескерту! 7-11 сыныпта білім алып жатқан мектеп оқушыларының құжаттары қабылдау комиссиясына жіберілмейді.
Толық емес құжаттарды ұсыну немесе белгіленген уақыттан кешіктіру – қабылдау комиссиясында өткізілмейді!



Анықтама телефоны:
+ 7 (7122) 558-555
+ 7 (7122) 558-551
+ 7 (775) 366 57 13
www.atr.nis.edu.kz
www.nis.edu.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521