"Кең болсаң , кем болмайсың" деген. "Мақат" қайырымдылық қоры қасиетті жұма күнінің қарсаңында ізгі жандардың демеуімен әлеуметтік аз қамтылған жеті отбасыға азық-түлік алып берді. Қор белсенділері әр жұмада Алла разылығы үшін 500 теңгесін садақа қылуды әдетке айналдырған.
Жомарт жандар берілетін азық-түлік пакетін күнделікті тұрмысқа ең қажетті деген тағамдармен толтырған. Қоржын ішінен бес келілік қанттан бастап, күріш, ұн, сүт, шай және тағы да басқа тағам түрлері табылады.
Қайырымдылық іс әлі де жалғасын табады, үлесіңізді қосамын десеңіз есігіміз ашық",-дейді ұйымдастырушылар. Ендеше, сауапты істен құр қалмай, жомарт жандардың жанынан табыла білейік.
А.САДЫКОВ