Жолда қабылдаймыз

(0 Votes)

Аптаның жұма-сенбі, яғни 14-15 ақпан күндері халықты жеке қабылдау өткізеді. Бұл шара «Жолда қабылдау» акциясы шеңберінде өтеді.

14 ақпан күні Мақат кентінде, Сатпаев көшесінде орналасқан  аудандық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде», 15 ақпанда Доссордағы Ғ.Сүлейменова 10-үйінде орналасқан  кент әкімдігі ғимаратында өтеді.

Мұндай шаралар кезінде  уақыт үнемдеп, көкейдегі сұраққа жауап алуға болады және өзіңіздің ұсынысыңызды айтуға мүмкіндік бар.

Шара бұған дейін де бірнеше рет өтті. Сондықтан бірлескен істің мәселенің шешімін алуға зор септігі тимек.

Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ онлайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу, полицейлердің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану, «сенім телефондарының» жұмыс істеу тәртібі туралы түсінік беріледі.

Автокөліктерді тіркеу, жүргізушілік куәліктер алу тәртібі, жол жүрісін ұйымдастыру, көлік құралын қайта жабдықтау, айыппұлдармен салықтарды төлеу, көші-қон қызметі және т.б. сұрақтарға мамандар түсінік береді.

К.Жұмағалиев,

аудандық полиция бөлімінің ӘТТ-ның аға инспекторы

полиция капитаны

Фото: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521