Жазасын өтесе де, көзден таса болмайды

(0 Votes)

Ортаға бейімдеу. Өткен аптада белгілі бір мерзімде қоғамнан тыс өмір сүрген жандар үшін құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу мақсатында шара өтті.

Қылмыстық жазасын өтеген адамдарға және пробациялық бақылауда жүрген азаматтарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңесші органның кезекті мәжілісінде тегін медициналық тексеруден өткізу және психологиялық көмектің көрсетілу мәселесімен бірге өз істерін ашу мүмкіндігін қарастыру жайы сөз болды. Мәжіліске Кеңес мүшелері қатысты. «Ұлт жоспарының» 33-қадамында «Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау» делінген.

Олай болса, барлық іс-әрекеттер заң шеңберінде жүзеге асуда. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған аудандық орталық ауруханының дәрігері Дария Нәсіпқалиева медициналық көмекті қажет еткен жағдайда ҚР Үкіметінің «Тегін медициналық көмекті кепілді көлемі» қаулысы негізінде жүзеге асатындығын атап өтті.

Әрине, жазасын өтеп келгендер қатарынан дені сау адамды кездестіру оңай емес, дегенмен олардың сауығуы үшін қажетті ем-домдары жасалып жатыр. Бұл жөнінде тоқталған Дария Нәсіпқалиқызы бүгінгі күні азаматтардың дәрігерге қаралуға құлқы жоғарылығын атап өтті.

-Науқастар тегін ем алуға жағдай жасау үшін күндізгі стационарларда емдеу кеңінен қолданылады. Тәуліктік стационарға көрсеткіш болған жағдайда жатқызылады. Ай сайын ішкі істер бөлімімен тексеріс жүргізіліп, түзету орнынан босап келгендердің тізімі алынып, медициналық байқаудан өткізілуде.

Жалпы, емдеу мекемелері тарапынан жасалуы тиіс шаралардың мерзімді жүзеге асып жатқандығын атап өткен дәрігер ішкі істер орнынан ақпарат дер кезінде келмейтіндігін ескертті. Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Алмагүл Аралбекова жұмыспен қамтамасыз ету мәселесіне арнайы тоқталды.

Ауданда 2017 жылы түзету мекемелерінен қылмыстық жазасын өтеп келген 9 адамның ішінен біреуі Атырау қаласына көшіп кетті. Қалғандары шақырылып, медициналық байқаудан, яғни флюрографиялық тексерістен өткізіліп, барлық мамандармен қаралып, оның ішінде психологтың да кеңесін алды,-дейді дәрігер. Осы жылы бір адам түзету мекемесінен босап келген. Қажетті медициналық байқаудан өтіп, аурулығына байланысты мерзімді емдеу шараларын қабылдаған.

Бүгінде орталыққа 4 бас бостандығынан айыру мекемесінен, 7 пробациялық бақылауда жүрген жұмыссыздар жөнінде мәлім болғанымен, бәрі бірдей жұмыссыз ретінде тіркелуге құлқы жоқ. Мысалы, бас бостандығынан айыру мекемесінен келгендердің ішінен 2-і жұмыссыз ретінде хабарласпай отырса, біреуі жұмыстан бас тартқан. Келесісі орталық араласуымен жұмысқа тұрды. Пробациялық бақылаудағылардың үшеуі ғана жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрғанымен, біреуі жұмысқа орналасқан. Осылайша әрқайсысына жеке тоқталған орталық директоры мәселенің орталық тарапынан үнемі бақылауда екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, аталған топтағы азаматтардың кәсіп ашуға ниеттілігіне аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Ақмарал Жангереева арнайы тоқталып өтті. Комиссия төрағасы Гүлжанар Өтешова барлық ұсыныстар назарға алынатындығын, сондай-ақ орталық пен салалық бөлімдер арасында әлі де тығыз байланыстағы жұмыс қажеттігін қаперге беріп, жиынды түйіндеді.

Г.САЛИКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521