Жаза басқандарды жөнге саламыз

(0 Votes)

Мақат аудандық пробация қызметінде 2019 жылдың наурыз айының 11-і мен 17-сі аралығында «Пробация» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Пробация қызметі аудандық полиция бөлімімен бірлескен жоспар жасақтап, жұмыстың күшейтілген түріне көшірілді.

Есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайларынан, жұмыс орындарынан тексеріп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, бақылау шаралары қолға алынды.

Пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандардың барлығы 49 тұлға болса, оның ішінде шартты сотталғандар – 13, бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар саны – 20, қоғамдық жұмыс жазасына сотталған – 2, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасымен сотталған 14 тұлғаны құрайды.

Пробация қызметі өз тарапынан осындай жазаға кесілгендерді тәрбиелік дұрыс жолға салып, қайта қылмыс жасаудың алдын алу және болдырмау мақсатында тыңғылықты жұмыстануда.

Р.БАҚТЫГЕРЕЙ,

аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы,

әділет лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521