Жастар жемқорлыққа қарсы

(0 Votes)

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дебат ойыны өтті.

Дебатқа Темірғалиева Рита, Төлегенова Жұлдыз, Елтаева Данагүл, Ғарифоллақызы Ұлмекен, Боранбаева Арзу, Сүлейменов Арман, Азаматұлы Оразбек және Асылжанов Алтынбек есімді спикерлер қатысты. Сарапшы қатарында жастар комитетінің жетекшісі Өтегенова Әйгерім, колледж психологі Абдикаева Әйгерім және Жастар ресурстық орталығының маманы Есенаманова Алтынгүл таңдалды.

Спикерлер "Үкімет" және "Оппозиция" топтары қатарында пікірталасқа түсті. Қоғамдағы өзекті мәселе –жемқорлыққа қатысты ойларын ортаға салып, тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде 1 орынды Асылжанов Алтынбек және Боранбаев Арзу тобы, 2 орынды Азаматұлы Оразбек пен Сүлейменов Арман тобы және 3 орынды Елтаева Данагүл,Темірғалиева Рита тобы иеленді.

Әйгерім НҰРЛАНҚЫЗЫ,

жастар ресурстық орталығының маманы

 

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521