Суреттерді сөйлеткен қылқалам шебері

(0 Votes)

Мылқау бейнені түсінікті тілмен сөйлетіп, тарихты туынды арқылы көрсете білу – тек суретші мен мүсіншінің қолынан келетін өнер. Осындай дарынымен дараланған таланттың бірі - Абылай Доспаев.

Мақаттық қылқалам шеберінің әр туындысы сөйлеп тұрғандай. Суретші жастайынан қабырғаға сурет салып, қиялын шыңдаған. Бала кездегі арманы оны биік белестерге жетелейді. Жігерлі жастың бойындағы ерекше дарынын байқаған көзі қарақты суретшілер оны бірден беделді оқу ордасына қабылдайды. Сөйтіп, ол ғылым мен мәдениеттің ордасы болған Алматы қаласында оқуын тәмамдап, сол жақта біраз жылдар бойы қызмет атқарады.

d6ff8140-8c8c-41b0-8b4e-bee34295df39

Кейін туған жерге оралып, шәкірт тәрбиелей бастайды. Шығармашылығын шыңдап, әрі жас суретшілерді осы өнерге баулиды. Бүгінде шәкірттерінің шығармашылығы түрлі байқаулардан жүлделі орын алып, кеңінен танылып жүр. Бүгінде тынбай еңбек еткеннің арқасында өз арманыма жеттім дейді суретші.

«Қазіргі таңда Мақат балалар өнер мектебінде жұмыс жасап жатырғаныма бес жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында отыз шақты шәкірт тәрбиеледім. Олар да жетістікке жетіп, мені марқайтып жүр. Біздің де, мақсатымыз сол білгенімізді артымыздан ергендерге әрі қарай жоғалтпай, жеткізу, үйрету»,- дейді шебер.

b05ab266-31cf-4e18-8291-b6c25ea8010c

Шебердің туындыларының денінде мұнайлы өлкенің бұрынғы-тарихи келбеті бейнеленген. Оның өнегесі мен өнері де өміршең. Өйткені, осы суреттері мақаттықтар үшін тарихи құндылық екені рас. Сондай-ақ, олардың арасында батыр бабалардың портреттері, хандық кезең және салт-дәстүр жиі кездеседі. Өнерде жетістіктен гөрі ниеттің мәні зор. Суретші ең алдымен шебер емес, қиялшыл. Осы екі қасиет суретшіні қатардағы ізбасарлар мен әріптестерінен дараландырып тұрады. Осы жетістіктерінің арқасында Абылай былтырғы жылдың қорытындысымен «Үздік жас өнер мектебінің қызметкері» атанды.

Толығырақ газетіміздің №12 санынан оқи аласыз!

М.ІЗТҰРҒАНОВА
Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521