Әрбір тамшы мұнай жауға оқ боп атылды

(0 Votes)

Мен Ұлы Отан соғысы басталғасын ФЗО мектебін бітіріп, Мақат мұнай кәсіпшілігіне ұңғыларды жөндейтін слесарь болып орналастым.

Ауылымыздағы ер-азаматтардың үркердей шағын тобына қосылып, балалықты ұмыттым. Жұмыстың ауырлығына, тұрмыстың жұпынылығына көндіккендеймін. Белгілі нысанаға бағыт алып, дамыл таппай жортып бара жатқан бәйгі атындай, жеңіске тез жетеміз деп ілгері қарай жігерлене ұмтыламыз. Отты жылдардың ішінде тылда жүргендердің мәңгілік естерінде қаларлықтай ерекше күндер болды. Солардың бірі – Сталинград майданы.

Жау жақындап Атырау жеріне де бомба тастай бастады. Сондықтан жарықты бүркемелеу тәртібі енгізілді. Түнгі жұмысты скважинаның аузына ғана жарық түсіріп істейтін болдық. Қауіпсіздік техникасын сақтау дегенді мүлдем ұмыттық. Талай апатқа ұшырап ажал аузында, құдай сақтап, аман қалған жағдайлар да болды. Басшыларымыз келгенде, тезірек іске қосыңдар, не жоспарды орындаңдар демейді, мойнымызды сәлемдесуге де бұрғыздырмай: «Жолдастар! Сталинград!»-деп қолын көтеріп жүре беретін болды.

Немістер Сталинградтан қуылып, шегіне бастағанда елмен бірге біздің де көңіліміз көтерілді, жеңіске деген сеніміміз берки түсті.

Бригада жетекшісі Дәулетов Шайқым атамыз менің әлсіздігіме ренжиді, бірақ жан аямай, қимылдап жүргенімді байқап аяйды, есіркейді. Жұмыстың ауырын өзі тындырады. Айдың аяғында өзінің атын құрмет тақтасынан көріп, газеттен оқып қуанады, мақтанады. Өндіріс басшылары, партком хатшысы бірінен соң бірі келіп құттықтап, әлде де еңбек екпінін асыра түсіруді тапсырып кетеді.

Шәкен разы болып, рахметін айтады, уәдесін береді, балаларымның арқасы ғой,-деп біздерді де мақтап қояды.

Соғыс жылдары ақын-жазушылар келіп мұнайшыларды шыдамдылыққа, өнімді еңбекке шақыратын.

Мысалы, Асқар Тоқмағамбетовтің:

Мұнайшылар, мұнай бер!

Соны сізден сұрайды ел...,-

Деген өлеңін газеттен оқитынбыз, ұран ретінде жазылған үзінділерін көшеде де, өндіріс орындарында да көретінбіз.

Толығырақ газетімізден оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521