Құжаттау рәсімі оңтайландырылды

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының «Неке/ерлі-зайыптылық/ және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-1Ү Кодексінің 50-бабына 2019 жылдың қараша айында бірнеше  түзетулер енгізілді.

Сот шешімімен неке бұзылғаннан кейін,неке бұзу туралы куәлік алу, неке бұзуды тіркетудің қажеті жоқ,сот шешімі күшіне енгеннен кейін автоматты түрде Әділет органы базасына түседі.

Сонымен қатар  халықтың жағдайына қарай экс аумақтық принципте тууды тіркеу бұрынғы заңда  баланың туған жері немесе ата-анасының біреуінің тұрған жері бойынша тіркелетін, енді АХАТ органының кез келген жерінде  тіркетуге құқылысыз.Сонымен қатар қайтыс болуды да кез келген АХАТ органында тіркете аласыз.

Қайталама  куәліктер мен анықтамаларды да туған жеріңізге, тұрғылықты жеріңізге қарамастан, кез келген АХАТ бөлімінен,өзіңізге ыңғайлы ХҚКО арқылы өтініш беру арқылы  ала аласыз.

Сонымен қатар баланың анасының жеке куәлігі болмаса, тууды тіркеуге жағдай қаралған.

Тағы бір жаңалық Қазақстан Республикасынан тыс жерде туу туралы куәлік алынған балаларға  да, мысалы Өзбекстан Республикасында туылған балаларға да Қазақстан Республикасының үлгідегі туу куәлік беріледі.

Сонымен қатар балаға  қосарланған ат берілген жағдайда дефис арқылы жазуға болады. Мысалы Әли-Асқар. Қазір АХАТ қызметі цифрлы форматқа көшті.

2-куәліктің орынына қазіргі заңда бір ғана куәлік беріледі. Әкелікті анықтау, бала асырап алған жағдайда бұрын екі куәлік берілсе, енді тек бір ғана туу туралы куәлік беріледі.

Г.БИТАШЕВА,

аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік

 бағдарламалар және АХАТ бөлімінің бас маманы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521