Парасат көшесінде trashtagAtyrau акциясы

(0 Votes)

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы жұмысына кіріскелі аудандағы тазалық жұмыстары жандана бастағандай. Жасыл желегімізді жаңаша түрлендіріп жүрген өлке жанашырлары облыс көлемінде өтіп жатқан акциялардан да қалыс қалмайды.

Олар "trashtagAtyrau" атауымен өткізіліп жатқан тазалық акциясын Мақат кентіндегі Парасат көшесінде жалғастырды. Акция барысында «Жасыл ел» сарбаздары көше бетін түгелдей тазалап, 30 қап қоқыс қалдықтарын жинап шығарды.

Туған өлкені таза ұстау - оның әр перзентінің басты міндеті. Жерін қоқыстан арылтуды ардың ісі санайтын елін, жерін сүйетін жастарымыз көп болғай.


А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521