Орталықты Эльмира Утебаева басқарады

(1 Vote)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының 5 қараша № 402ж/қ бұйрығына сәйкес Мақат аудандық бөлімінің маманы Утебаева Эльмира Айтхалиқызы филиалдың халыққа қызмет көрсету бойынша Мақат аудандық бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Утебаева Эльмира Айтхалиқызы 1986 жылы Мақат кентінде дүниеге келген. 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің экология, 2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2009 жылдан бастап Мақат аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы филиалына инспектор лауазымынан бастаған. Күні бүгінге дейін бөлімде құжаттарды қабылдау жөніндегі маман, тәлімгер, реттеу залы басшысы, бөлім басшысының орынбасары міндеттерін қоса атқарды. 2014 жылы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталығы сайтында «Үздік қызметкер» қатарында.

2015 жылы «ХҚКО» РМК-ның Атырау облысы бойынша «Үздік кәсіпқой маман» атағы берілген болатын. Бұдан басқа Мақат ауданы әкімі атынан, «Нұр Отан» партиясы Мақат аудандық филиалының төрағасынан және т.б марапаттарға ие болған. 2009 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521