Мектептегі мәзірге мән беріңіз!

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ұйымдастыруымен мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша семинар-кеңес өтті.

Кеңеске «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Ермағамбетов, аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Г.Төлегенова, бөлім басшысы А.Асанова, ҰСО ШЖҚ РМК аудандық бөлімше басшысы Т.Ердабаева, аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Г.Едігеева, мектеп директорлары мен кәсіпкерлер қатысты.   

shkola-2        

Жиынды ашқан Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Г.Төлегенова жалпы мектептік тамақтанудың міндеттері мен өзекті мәселелеріне жан-жақты тоқталды. «Өскелең ұрпақтың денсаулығын қалыптастыруда уақтылы, жұғымды тамақтанудың маңызы ерекше. Сондықтан елімізде оқушыларды тамақтандыру өзекті мәселеге айналып отыр»-, деді сала басшысы.                                                                                                                                                       

shkola-3

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығының 7- тарауына сәйкес жалпы білім беретін ұйымдардың бірінші ауысымының білім алушылары екінші таңғы ас немесе түскі ас, екінші ауысымның білім алушылары бесін ас, ұзартылған күн топтары екінші таңғы ас, түскі ас және бесін ас бойынша тамақтанады. Мәзірдегі бірдей тағамдар бір күнде және екі-үш күнтізбелік күнде қайталанбауы тиіс. Күн сайынғы тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай немесе бидай наны, көкөністер және қант енгізіледі. Ал, балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті өнімдері екі-жеті күнтізбелік күнде бір рет берілуі тиіс. Таңғы ас тағамы (бірінші немесе екінші) тағамнан және сусыннан (компот, кисель, шай, және шырыннан) тұрады. Түскі асқа салат, сусын, бірінші, екінші, тағам (еттен, балықтан, құс етінен) құралуы тиіс. Бесін аста мәзірге тоқашпен және кремі жоқ кондитерлік өнімдермен бірге суысын кіреді. Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан, негізгі екінші тағамнан сусыннан тұрады. Қосымша екінші кешкі ас ретінде жемістер немесе қышқыл сүт өнімдері және тоқаш енгізілген. Баланың дене бітіміне, жас ерекшелігіне байланысты қандай тағамнан, сусыннан қанша грамм ішіп-жеу керектігі бекітілген.  Осыны асхана қызметкерлері ескеріп, әрбір тағамды таразыға тартып, өлшеу керек. Әрі асхана қызметкерлері тағамды дәмді етіп дайындауы қажет.  

Күн сайын тамақ ішетін залда объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінуі тиіс. Онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығыны көрсетілуі керек.   

Толығырақ газетіміздің № 8 санынан оқи аласыз!

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Cуреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521