Мақаттық жастар жетімдерді қуантты

(0 Votes)

Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Ол — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Соңғы жылдары елімізде түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандар саны артып келеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, оларға ақпараттық қолдау білдіріп, демеп отырудың маңызы зор.

Біздің ауданымызда да қолы ашық жандардың қатары жетерлік. Қарапайым тұрғындардан бастап мекемелерге дейін мұқтаж жандарға қолдарынан келген әртүрлі көмегін аямайды. Әсіресе қасиетті Рамазан айында жақсылық жасап жарысатындардың қатары арта түсетіні рас. Өз аттарын жасыруды сұраған мақаттық бір топ жастар наурыз мерекесі қарсаңында Атырау қаласындағы «Шаңырақ» балалар үйіне барып, игі іс жасап қайтты. Жігіттер тәрбиеленушілерге сыйлық ретінде кәжекей, спорттық және сырт киімдер, аяқ киім, жеміс-жидек пен әртүрлі тағамдарды табыстады. Олардың барлығы балалардың өздерінің сұрауы бойынша жеткізілген.

«Біздер 2010 жылдан бері достар болып қаражат жинап «Шаңырақ» балалар үйіне баруды әдетке айналдырдық. Соңғы барғанымызда 56 тәрбиеленуші еді, қатары көбейіп 59-ға жеткен екен. Олар біздерге шын ықыластармен алғысын айтып, концерттерінде көрермен етті», - дейді жақсылық жасауға жаны құмар жігіттер.

А.ЖҰМАБЕКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521