Мақат-Атырау бағытына қоғамдық көлік қатынайды ма?

(0 Votes)

Кеше Мақат кентінің әкімі Болатбек Сәрсен «2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму  қорытындысы және алдағы міндеттер туралы» тұрғындар алдында есебін берді.

Аудан әкімдігінің ғимаратында өткен жиынға аудан әкімі Шәкір Кейкин,  кент тұрғындары, ардагерлер, мәслихат депутаттары, аудандық дербес бөлім басшылары қатысты. Жиында Б.Сәрсен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Еліміздің әлеуеті дамуына ауданның  әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктері арқылы қосқан үлес салмағын бағамдай отырып, жасалған жұмыстармен таныстырды.

img_5216

Аудан орталығында жергілікті тұрғындар игілігін көріп келетін мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асқан жұмыстардың жылдан-жылға еселенгеніне құптарлықтай. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатындағы жобалармен ұштасуы ел ертеңіне деген сенімді нықтай түспек. 

img_5234

Жиында тұрғындар атынан сөз алған ардагер Орақ Деңгелбаев өткен жылы жасалған жұмыстарға қанағаттанарлық баға бере отырып, әлі де болса, шешімін таппаған мәселелерге мән беруді атап көрсетті. Ол ауыл ішіндегі көше атауларының әлі де жүйесіздігі, кеңес Одағының Батыры Мұса Баймұханов есімі көппен бірге ұмытылмай, көше атауымен аталуына мән беруді айтты. Аудандық мәслихат депутаттары Г.Саликова, Т.Дәулетов кенттің  3-ауылындағы көшелерінің құрылысы мен балалар ойнайтын алаңшалар жасақтау ісі, жарықтандыруды жалғастыру, көше жарығының техникалық қызметіне жауапты мердігердің қызметін қадағалау, көшедегі қауіпті ғимараттардан арылу жөніндегі мәселелерді тізбектесе, 4-ауылдың тұрғыны Ғ.Тастаев Атырау бағытына қоғамдық көлік қатынаса, қоқыс контейнерлерінің орнын нақтылау жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. 

img_5248

Ұсыныс-пікір, сауал тастаған азаматтарға жауап берген кент әкімі Б.Сәрсен келешектің еншісіндегі жоспарларымен бөлісті. Кент әкімінен соң  аудан басшысы Ш.Кейкин аудан орталығында орын алған олқылықтар мен орынды ұсыныстарға тоқталып, алдағы жүзеге асар жоспарларымен бөлісті.

Толығырақ газетіміздің №1 санынан оқи аласыз!        

 

 Е.МЫРЗА

Cуреттерді түсірген А.САДЫКОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521