Көліктегі қауіпсіздікті сақтаңыз!

(2 Votes)

Мақат ауданының көлемінде автокөліктерде жыл басынан бері 2 өрт тіркелді және олардың барлығының себептері автокөлік құралдарындағы электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан болып отыр.

Автокөліктердегі өрттердің алдын алу мақсатында, аудан аумағында «Қауіпсіз көлік» акциясы өткізілуде.  Акция аясында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық Полиция бөлімінің Жол патрульдік қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, өртке қарсы рейд жүргізді.

img_3075

Рейд барысында автокөлік жүргізушілерімен көліктердегі өрт қауіпсіздігі шаралары тақырыбында нұсқама жүргізіліп, өрт сөндіргіш құралын қолдану тәртібі көрсетілді. Сондай-ақ, автокөлікте өрт болған жағдайдағы іс-әрекеттердің реті түсіндіріліп, көлік құралдарындағы өрттердің негізгі себептері жеткізілді. Өрт қауіпсіздігі тақырыбында жадынамалар ұсынылды.

Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері көліктердің өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталуын тексерді.

Автокөліктерде өрт сөндіргіш құралдары болмай, көлік құралдарын басқарған кезде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590-бабының 5-тармағымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны ескертіледі.

img_3072

Әр автокөлік иесінің жеке көлігінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау жолындағы жоғары жауапкершілігі ғана жану мен өрттің шығу мүмкіндігін шектейді. Автокөліктерді жөндеу және техникалық күтім көрсету жұмыстары көліктің қозғалтқыш бөлігі ажыратылған күйінде жүргізілуі тиіс.  Алғашқы өрт сөндіру құралы – автокөлік жиынтығының ажырамас бөлігі. Ол сенімді әрі жарамды болуы керек.

аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521