Доссордың көшелеріне асфальт төселуде

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы  «Құтты мекен» ұлттық жобасы аясында құрылған бақылау тобы Доссор кентінде  кентішілік жаяу жүргінші жолдары мен автокөлік жолдары құрылысын жүргізуші «Ақжол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысымен танысты.

Учаске бастығы Ермек Әлиев қолға алған 5,8 шақырым автокөлік жолы мен 3,4 шақырым жаяу жүргіншілер жолдарын салу барысында  кездескен кедергілерден жұмыстың ара-тұра тұрып қалу себептерін атап өтті. Мысалы, ұзындығы 670 метр  болатын Шәли Еркешов атындағы көше бойында бір тұрғын «аула сыртына шығарған кәріз септигінен жаяу жүргіншіге арналған жолыңды әрі сал» десе, енді бірі, «ауламнан 5 метр әрі жүріңдер» дегенді айтады.  Е.Әлиев сондай-ақ, жобалау барысында ескерілмеген жеке азаматтардың құрылыс нысандары да қолбайлау болып отырғандығын алға тартты.  Мысалы, жобада көрсетілгендей, аталған көшедегі дәріхана мен азық-түлік дүкені жол үстінде орналасқан.

olshey

tegistey

-Серіктестік қажетті техникамен толық қамтылып, жұмысты уақытымен аяқтауға тас түйін дайын. Десек те, біз кенттегі кәріз жүйелерін жүргізуші мекемемен, жергілікті әкімдікпен бірлесе отырып, нысандарымыздағы жұмысты жүргізіп отырмыз. Өйткені кәріз жүйесін жүргізерде көше жолдары қазылады. Сондықтан  олардан кейін біз сол көшеге барып жұмысымызды жасап жүрміз, -дейді Е.Әлиев. Аталмыш серіктестік кенттегі 5,8 шақырым автокөлік жолы мен 3,4 шақырым жаяу жүргінші жолының өзі  12 нысанды қамтып отырғанын айтты.

Е.МЫРЗА,

суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521