Доссор кентінде –жаңа әкім

(0 Votes)

Аптаның дүйсенбісі күні әдеттегі аппарат жиынында аудан әкімі Жұмабай Қарағаев таяуда өткен сайлау нәтижесі бойынша жаңадан сайланған Доссор кентінің әкімі Әбілғазиев Асылбек Кондратұлымен таныстырды.

Алдымен оның өмір және еңбек жолы жайында толыққанды мағлұмат берілді. Асылбек Әбілғазиев Кондратұлы 1986 жылы Доссор кентінде дүниеге келген. Білімі – жоғары.

Атырау мұнай және газ институтын есеп және аудит, Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық университетін басқару жүйесін автоматтандыру мамандықтары бойынша бітірген.

Атырау қалалық қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінде коммуналдық меншік секторының бас маманы, болып бастаған. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында, облыс әкімі аппаратындағы қызметтерде, Мақат ауданы әкімі аппаратының басшысы, «Даму» АҚ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңесші, өңірлік кәсіпкерлер палатасының Мақат аудандық филиалының директоры; «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ресми кеңесші қызметтерін атқарған.

Аудан басшысы алда қыруар шешімін күткен істер күтіп тұрғандығын айтып, қызметіне сәттілік тіледі.

Аппарат жиынында сондай-ақ, көктемгі көгалдандыру және тазалық жұмыстарының жүру жайына тоқталған аудан әкімі коммуналдық мекемелер мен кент әкімдеріне сын ескертпелер айтып, жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521