Әдепті сақтауды әдетке айналдыру керек

(0 Votes)

Мемлекет заңдарына енгізілген заңдар мен өзгерістерді дер кезінде азаматтар жадына жеткізу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі пилоттық жобалар аясында іс-шаралар жүйеленуі маңызды.

Жақында облыстық Әділет департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Сүндетова Балия Зұлхайрқызы ауданымызда болып, аудандық әділет басқармасы және аумақтық бөлімінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілер арасында жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу, сондай-ақ әдеп нормаларын сақтауға бағытталған профилактикалық және түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормаларының, Атырау облысы Әділет департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының, мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының жадынамалары таратылды. Жоспарлы жұмыс барысында мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап берді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521