Бөлімде – жаңа басшы

(0 Votes)

Аудан әкімі ғимаратының кіші мәжіліс залында жаңа тағайындауға байланысты жиын өтті. Аудан әкімі Ш.Кейкин бұған дейін "Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болған Жайкин Бекәділ Орынбасарұлын лауазымынан босатып, "Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындады.

  Ал,  "Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының уақытша міндетін атқару аталған мекеменің бас маманы Саламатов Мәулен Батырбекұлына жүктелді.

  Жайкин Бекәділ Орынбасарұлы

1976 жылы Қызылқоға ауданы, Мұқыр стансасында дүниеге келген.

2001-2004 жылдары ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша аяқтап, құқықтану бакалавры мамандығы бойынша жоғары білім алған. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.

Еңбек жолын 1996-1997 жылдары Мақат ауданы бойынша мемлекеттік тергеу комитетінде тергеуші болып бастаған.

1997-1999 жылдары Атырау қалалық ішкі істер бөлімінде аға тергеуші,1999-2004 жылдары Құлсары қаласында Жылыой аудандық ІІБ-ң анықтау бөлімшесінің бастығы.

2004-2014 жылдары Мақат аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

2014-2017 жылдары  Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы.

2017-2018 жылдары «KMG security» ЖШС Құлсары филиалының директоры.

2018 жылдан Мақат кентінің әкімі қызметтерін атқарды.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521