Бірыңғай "Адалдық сағаты" өткізілді

(0 Votes)

 Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету әрбір мемлекеттік қызметкердің ісі болып саналатындығын баса айтқан болатын.

Осы ретте мемлекеттік қызметкердің бойына парасаттылық, адалдық, әділдікті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауданға қарасты жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінде, аудандық экономика және қаржы бөлімінде, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерінің тіркеу бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі, Мақат кенті және Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратында "Адалдық сағаты" өткізілді.  

                                                        img_9599                                                         

Жиын барысында қызметкерлерге аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Ж.Сарбасов сыбайлас жемқорлықпен қарқынды күресу ел саясатының негізгі басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

Шара барысында ұйымдастырушылар қазақтың бойында бағзыдан қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін қазбалап, тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығына тоқталды.

 М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521