"Бірыңғай жиынтық төлем" енгізілуде

(0 Votes)

Мақат кентінің өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз тұрғындарын биылғы жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды формализациялау шеңберінде "Бірыңғай жиынтық төлемді" енгізу жұмыстары жүргізілуіне байланысты төлеушілер қатарына шақырамыз!

"Бірыңғай жиынтық төлемді"(әрі қарай БЖТ) формалды емес жұмыспен қамтылғандар, қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырғандар және жұмыссыздар жүргізе алады. БЖТ төлей отырып, біріншіден, зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін жинап, базалық және жинақталған төлем есебінен үлкен көлемде зейнетақы алатын болады. Екіншіден, міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық ұйымды таңдай отырып, барлық медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізе алады. Үшіншіден, еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, жүктілік және бала туғанда, асы-раушысынан айырылған жағдайда, бала асырап алғанда немесе 1 жасқа дейінгі бала күтімімен отырғандарға әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік туады. Ай сайын үзбей өзінің кіріс көзін көрсете отырып, БЖТ төлеушілер ресми түрде банктен несие ала алады. БЖТ мөлшері ауыл тұрғындары үшін 1262 теңгені құрап отыр. БЖТ-ді банктен шот ашпай екінші деңгейлі банк арқылы немесе терминал арқылы жүргізе алады.

ӘКІМШІЛІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521