Билетсіз жолаушыға вагонда орын жоқ

(0 Votes)

Еліміздің темір жол саласында, жолсеріктердің заңсыз жолаушылар тасымалдау және жүк бөлімшелерінде тиісті құжатты рәсімдеусіз жүк тасымалдау секілді бірнеше тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністері бар жағымсыз фактілері орын алуда.

Осыған орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоғарыда аталған кемшіліктерді жою мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізуде.

Оның бірі - Агенттіктің бастамасымен 2018 жылдың 28-ші қыркүйегінде қолға алынған «Адал жол» жобалық кеңсесі.

Бұл жобаның мақсаты - теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін тиісті деңгейде азайту, болдыртпау, алдын алу.

Сонымен қатар, жобалық кеңсенің құрамы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдерінен көлік прокуратурасы, көліктік бақылау инспекциясы, желілік ішкі істер органдары қызметкерлерінен және қоғам өкілдерімен арнайы мониторингтік топ мүшелерінен тұрады.

Аталған жоба аясында 2018 жылдың қараша айының 2-9-ы аралығында Атырау-Алматы, Маңғышылақ-Атырау, Атырау-Ақтөбе, Ақтөбе-Атырау және Ташкент-Ургенч-Саратов бағытындағы пойыздарға Көлік бақылау инспекциясы және арнайы мониторингтік топ мүшелерімен рейдтік шара жүргізілді. Рейд кезінде вагондарда 5 техникалық кемшілік, 21 жол жүру құжатынсыз мінген азаматтар анықталды.

Толығырақ газетіміздің №11 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521