Бәйгетөбеге жаңа әкім сайланды

(0 Votes)

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімшілігінде аппарат жиыны өтті. Онда аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев дүйсенбі күні  өткен сайлау нәтижесі бойынша жаңадан сайланған Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі Ерғожиев Әділбек Шойынбайұлымен таныстырды.

Алдымен оның өмір және еңбек жолы жайында толыққанды мағлұмат берілді.

Ерғожиев Әділбек Шойынбайұлы ­­­­ 1970 жылы Мақат кентінде дүниеге келген. Білімі - жоғары.

Гурьев педагогикалық институтын биология және химия пәнінің мұғалімі, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша бітірген.

quttyqtay

sailandy

Алғашқы еңбек жолын Х.Санбаев  орта мектебіне биология және химия пәні мұғалімі болып бастаған.

Аудандық экология және биоресурстар басқармасына мемлекеттік инспектор, аудандық білім беру басқармасына спорт және дене тәрбиесі пәні жөніндегі әдіскер, аудандық білім беру орындарында дене тәрбиесі пәні мұғалімі, Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде директор, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

Аудан әкімінің орынбасары алда қыруар шешімін күткен істер күтіп тұрғанын айтып, қызметіне сәттілік тіледі.Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары да ақ батасын беріп, ауыл тұрғындарын бірлесіп іс атқаруға шақырды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521