Азық-түлік таратылды

(0 Votes)
Азық-түлік таратылды
фото: Мешіттен алынды

 «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», - дейді халқымыз. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу – қазақтың бойында ежелден қалыптасқан қасиет.

Аудандық орталық мешіттің бас имамы Біләл Сағындықов төтенше жағдайға байланысты Құлсары қаласынан келген 10 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетті.

Ол тасқыннан зардап шеккен құлсарылық отбасыларға барып, жақсылықтан үміт үзбеуге және сабыт етуге шақырды. Сондай-ақ, осынау сынау сындарлы, сынаққа толы кезеңде ел баласы болып, жүкті жұмыла көтерсек, қайырымды болсақ, алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ екендігін айтты.

Аталған отбасылар да қиын жағдайда қолдау танытқан жандарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521