Ауылдағы сенбілік

(0 Votes)

Туған өлкенің тазалығы оның әр тұрғыны үшін қашан да үлкен маңызға ие.

Өткен аптадан бастау алған көктемгі тазалық айлығы аясында тағы бір сенбілік жұма күні жалғасын тапты.  Аудандық ішкі саясат бөлімінің ықпалымен сағат тілі таңғы тоғызға келгенде қос әкімдік ғимаратындағылар арнайы ұйымдастырылған автобусқа отырып, қырық шақты қызметкер Ж.Жұмағалиев көшесімен 1-ші, 3-ші ауылдарды толықтай тазалауға  бетке алды.  

img_9041

Тап осы күні табиғат анамыз да төл перзенттерін сынағысы келгендей, түнімен ақжауындатып топырағын тас басуға дайындағандай балшыққа айналдырып қойыпты. Қызметкерлерге ауа райының тосын мінезі кедергі бола алмады. Білек сыбанып, айналаны тазалауға кірісті.

img_9080

Толарсақтан саз кеше қоймаса да, тобығына дейін былғанғандары жетерлік.  Ұшқан қағаз бен қатты тұрмыстық қалдықты  түгел жинады. Аталмыш ауыл тұрғындарының тазалыққа немқұрайлы көзқарасы әрине қынжыларлықтай. Ауыл арасын әбден қоқытып-ақ тастаған екен.

img_9033

Мақаттықтардың өз өлкесіне деген жанашырлығы өзгерсе деген ниеттегі тазалық жұмыстары мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жақсы іс үлгі болса дейміз ауыл тұрғындарына.

А.САДЫКОВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521