Аулымызды әсем қалаға айналдырамыз

(0 Votes)

Доссор халқының саны жылдан-жылға өсіп келеді. Себебі, жүз жылда болмаған өзгеріс орнап, жергілікті кәсіпкерлер кенттің көркеюіне оң көзбен қарап, көгалдандыру ісіне атсалысып отыр.

Көптен бері Байбақты ата басындағы талды шығара алмай жүрген болатынбыз. Биыл ол бағытқа су тартылып, жүз түп тал отырғызылды. Бұлда болса кәсіпкерлердің еңбегі. Кенттегі «Сандуғаш» балабақшасы маңына арбат салынып жатыр. Төсеме тастар өріліп, ардагерлер демалатын орын дайындалу үстінде. Көше бойына, тұрғын үйлер маңына көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, Атырау бағытындағы тас жолы бойы да талмен көмкерілген. Он төрт мың халқы бар Доссордың келешегінің жарқын боларына сенім зор. Жалпы, ауылдың әлеуметтік мәселелері де оң шешіле бастады. Оған халық та риза. Халық сұранысын қамтитын дәрігер мамандар қатары толысып, көгалдандыру жанданса, емдеу-сауықтыру шипажайлары да ауылымыздан қолдау тауып кетсе, доссорлықтардың алғыстан басқа айтары жоқ.

М.ИСМҰХАНОВ,

Еңбек ардагері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521