Ауданда мерекелік жәрмеңке өтті

(0 Votes)

Бүгін аудан орталығында дәстүрге айналған ауылшаруышылық жәрмеңкесі өтті.

Бұл жолы ол «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне» орай ұйымдастырылды. «Думан» базарындағы жәрмеңкеде таң бозынан ағылған аудан жұртшылығының қарасы көп болды. Жергілікті тұрғындар сапалы, әрі табиғи тауарларды қолжетімді бағамен алуға асықты.

Мерекелік жәрмеңкеге 25-ке жуық Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облысының тауар өндірушілері қатысты. Олар тұрғындарға базардағыдан төмен бағамен жеміс-жидек, көкөніс және ет, сүт, балық, құс өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ аудан өнерпаздары жәрмеңкеге келушілерге арнап думанды концерттік бағдарлама ұсынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері бұл ауданда өткізіліп жатқан 45-ші ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521