Аудан әкімі жастармен кездесті

(0 Votes)

Жұма күні кешқұрым аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар жылына орай ашық аспан астында аудан әкімі Жұмабай Ғаббасұлы жастармен кездесті. Кешкі сағат 20:00. Аптап ыстықтың беті қайтып, қоңыр салқын самал есіп тұр. Аптаның соңғы жұмыс күнін тәмәмдап, кездесуге келген аудан жастарының көңіл-күйі көтеріңкі. «Жеңіс саябағының» жасыл бағында кездесу еркін форматта өтті.

Еркін пікір алаңында алдымен аудан басшысы Ж.Қарағаев жастарға арналған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарымен таныстырды. Кейін, жоспарға алынған жобалар жастармен бірге талқыланып, олардың ұсыныс-пікірін әрдайым қолдайтынын жеткізді.

w

w

Аудан әкімі кездесуді аймақты дамыту саласындағы негізгі бағыттардан, мемлекеттік және жергілікті бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқанынан бастады.

Аудан әкімімен кездескен жастар, өз кезегінде түрлі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Сауалдар негізінен жұмыссыздық мәселесі, инновациялық жобалар мен идеялар бағытында, тұрғын үй, рухани, мәдени орындар мен қолжетімді спорт залдары төңірегінде болды.

Аудан басшысы жас ұрпақ өкілдеріне қатысты мәселелермен таныс екенін айтып, жауап қайтарды. Сондай-ақ, өзекті ұсыныстарды түртіп алды.

М.Ізтұрғанова,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521