Арулар – асыл жандар

(0 Votes)

Ұлы далаға көгілдір көктем оралып, тіршілік оянып көңілге қуаныш сыйлайды. Әйел аналар Сіздерді отбасының ұйытқысы, өмірдің өзі, үйдің жүрегі, ардақты асыл жандар десек, Елбасы: «қоғамның даму барысын өмірде-нәзік, көңілде-биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес»-деп әйел-ананың рөлін айқындап берген.

Қазіргі Қазақстан әйелдері - еліміздегі бейбітшілік пен жасампаздықтың бірлік пен тұрақтылықтың, болашаққа деген сенімнің бастауы.

1941-1945 соғыс жылдары әйелдер мұнай кәсіпшілігінде 8-12 сағаттан жұмыс жасап, Үндеуге қызу үн қосты. Олар әрбір іске ұйытқы, ынтымаққа тірек, береке-бірлікке мұрындық болды. Жеңіс күнін жақындатуға зор үлес қосты. Асыл аналардың ұрпақтары үзілмей, олардың қыздары да ежелден қалыптасқан қайраттылығын, төзімділігін көрсетті.

Бұлардың қатарында КСРО Жоғарғы кеңесінде депутат болған Балғаным Доспаева, мұнай кәсіпшілігін басқарған алғашқы әйел Балжан Жұмағалиева, қаршадайынан мұнайшы боп істеген Жібек Сегізәлиева, Еңбек Ері деген құрметті атаққа ие Нәбира Шағырованың есімін ардақ тұтамыз.

Тыл еңбеккерлері қатарындағы қажырлы еңбек иелері атанған доссорлық мұнайшы арулар Төлегенова Лена, Төлеуова Қалима, мақаттық Жұмағалиева Ырысжан, Исалиева Қапиға, Жұмағалиева Орындық, Бигалиева Үнзада т.б. теміржол саласы мен басқа шаруашылықтарда өнегелі еңбектің үлгісін көрсетіп, мемлекеттік марапатқа ие болды.

Атыраудан майданға 23 қыз аттанса, оның төртеуі -доссорлық. Олар: Жәния Берниязова , Юля Захарова, Ажар Қасенова, Жеңіс Ақбөпиева. Қазіргі таңда елімізде әйелдердің 10,1 пайызы саяси мемлекеттік қызметші, Парламентте 33 адам немесе депутаттардың жалпы санының 22 пайызы әйелдер, шағын және орта бизнес субъектілерінің 43 пайызын әйелдер басқарса, ал жұмыс орындарының 31 пайызын (964 мың) әйелдер құрайды. Бұл - тәуелсіздіктің арқасы. Сондықтан да біз Сіздердің Отан алдындағы ерлік пен еңбектеріңізді мақтан тұтамыз. Әйелді сөз жүзінде емес, іс жүзінде құрметтеу – ұлағатты үрдіс, Елбасы Жолдауында: «Ана мен баланы қорғау- ең басты міндетіміз» деген.

Әсемдік пен сұлулық та әйел көркі мен ана мейірімімен нәр алады.

С.ХАЛЕНОВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның құрметті азаматы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521