Қамқорлықтан шет қалмады

(0 Votes)

№76 Л.Шахатов атындағы орта мектебі «Қамқорлық» акциясы аясында аудандық мекеме, кәсіпкерлер, жекелеген адамдармен бірлесе қолдарынан келген жақсылықтарын жасап бақты.

Атап айтқанда, аудандық орталық аурухана, басшысы Б.Оңдасынов 1 оқушыға -13000 теңгеге, «Газэнергожөндеу» қызметінің ұжымы, басшысы М. Балхашов 2 оқушыға -69000 теңге, №8 Өрт сөндіру бөлімінің ұжымы, басшысы А.Нұрғалиев - 20000 теңге көлемінде 1 оқушыға көмек көрсетті.

Жеке кәсіпкерлер З.Келдібаева 100 000 теңгеге, М.Туленова 30000 теңге көлемінде 2 оқушыға, А.Сарсенгазина 40000 теңге көлемінде 2 оқушыға, Ә.Таттигулова -40000 теңге көлемінде 8 оқушыға заттай және 1 аз қамтылған отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетті.

Сондай-ақ, жекелеген азаматтар қатарында М.Камалов – 12000 теңге көлемінде 1 оқушыға, Т.Рахпанов -12000 теңге көлемінде көмек көрсетсе, Ғ.Амиров - 31000 теңге көлемінде 2 оқушыға, Қ.Құлманова -20000 теңге көлемінде 1 оқушыға, Г. Бейлиханова - 4 оқушыға 47000 теңге көлемінде заттай көмектерін берді.

Сонымен қатар, мектебіміздің ұстаздары Л.Итолғанова әлеуметтік көмекті қажет ететін 4 оқушыға 65000 теңге көлемінде заттай көмек берсе, А.Джугумбаева 1 оқушыға 10000 теңге көлемінде көмек көрсетті.

5-11 сынып оқушылары «Қамқорлық» жәрмеңкесін ұйымдастырып, одан түскен 18 850 теңгеге үйден оқитын 3 оқушыға сыйлықтар алынып, берілді.

Бұл істе мектеп ұжымы да белсенділік танытып, қайырымдылық қасиетті іс болғандықтан, әркім өзінің жүрек қалауы бойынша қолынан келген көмегін көрсетіп, 3 оқушыға 25 000 теңге көлемінде көмек берді.

«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы шарасы барысында 32 оқушыға жанашыр жандар мен жеке кәсіпкерлер, 3 мекеме басшысы, мектеп ұжымы, мектеп оқушылары 552 850 теңге көлемінде ақшалай, заттай көмек көрсетті.

Жоғарыда аты аталған мекемелерге  сауапты істермен кім-кімге де үлгі боларлықтай азаматтық танытқан жандарға мектеп әкімшілігі мен ата-аналар разы болысты.

Ж.ШАНАНКУЛОВА,

Л.Шахатов атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521