Қайырымдылық - адамгершілік белгісі

(1 Vote)

Еліміз бойынша ұйымдастырылып жатырған 10 қаңтар – 10 ақпан аралығындағы «Қамқорлық» акциясына аудандағы А.Құнанбаев атындағы орта мектебі де белсене қатысты.

Акция әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларды қамқорлыққа алу, материалдық, рухани көмек беруді мақсат етті. Аз қамтылған отбасы балаларының тізімдері анықталып, мектеп ұжымы және демеушілер тарапынан оларға көмек көрсетілді. Өз кәсібінен нәсібесін тауып жүрген Б.Қарабаев пен Е.Қажғалиев сынды қамқор жандар да өз көмектерін білдіріп, қайырымдылық танытты. Атап айтсақ, жеке кәсіпкерлер Б.Қарабаев 2 оқушыға 25000 теңге көлемінде қажет киім-кешектерін алып берсе, Е.Қажғалиев 6 оқушыға 38100 теңге көлемінде қыстық киіммен көмек көрсетті. Мектеп ұжымы және оқушылары 61200 теңгеге 15 оқушыны оқу құралдарымен және мектеп формасымен қамтыды. «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары үйден оқитын Н.Саматқызы мен Ә.Тынышқали есімді оқушылардың үйлеріне барып сыйлықтар табыстап, көңілдерін аулады. Ақция қорытындысы бойынша қайырымды жандардан жиналған 124300 теңге қаражатқа 25 оқушы қажетті заттармен қамтылды. Мектеп ұжымы қамқорлық акциясына атсалысқан жомарт жандарға ризашылықтарын білдіреді.

Х.ТИГИСБАЕВА,

әлеуметтік педагог.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521