Айналма жол салынады

(0 Votes)

Доссор кенті әкімшілігінің ғимаратында Доссор кентіне айналма жол салуға қоғамдық тыңдау өткізілді.

Жиынға Доссор кенті әкімі Асылбек Әбілғазиев, «ИнженерПроектСтрой» ЖШС-нің директоры Маулен Төребалаев, «ҚазАвтоЖол» АҚ Атырау облысы филиалының сапа және жұмыстарды қабылдау бөлімінің бастығы Сәуле Куржумова және кент тұрғындары қатысты.    

komissia

                  jinalysotude                   

Жиын барысында аталған жобаның бағыт-бағдары тұрғындарға кеңінен таныстырылып, олардың ұсыныс-пікірі тыңдалды. Сондай-ақ, айналма жолдың құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаты дайын екені айтылды.

Жалпы, кент орталығы арқылы тәулігіне шамамен мыңдаған автокөлік өтеді. Бұл көлік кептелісін туғызып, жолға артық салмақ түсіреді деген сөз. Айналма жол салудың мақсаты - осы олқылықты жою. Доссор маңындағы транзитпен жүретін көлік санын азайту арқылы кенттің экологиялық ахуалын жақсарту да жобада көзделіп отыр.

Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен маусым  айының 4 жұлдызында өткен  отырыс хаттамасында бекітілген. Айналма жолдың шекарасы Құлсары-Доссор бағытындағы трассаның 3/79 шақырымынан басталып, Мақат-Ақтөбе тасжолының 386/507+810 шақырым бағытынан аяқталады деп жоспарлануда. Айналма жолдың жалпы ұзындығы жоба бойынша 5,6 шақырымды құрайды. Республикалық маңызы бар бұл жол айналма жолға ауысса, кент ішіндегі ішкі жол обылыстың аумағына бекітіледі. Бұрын С.Шарипов атындығы мектеп-интернаты алдындағы тас жолға республикалық маңызы бар жол болғандықтан жылдамдыққа шектеу қояр жасанды кедергі салуға тосқауыл қойылған болатын. Енді, ішкі жол болып бекітілсе, мектеп алдында аталмыш белгілерді салуға мүмкіндік тумақ. Қыркүйек айында жоба мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Осы уақыттан бастап жауапты мекеме жер жұмыстарын бастайды.

Жиынға қатысқан кент тұрғындары жобаға қолдау танытты.

Айта кетейік, жобаға тапсырыс беруші ҚР «Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» РММ болса, жобалаушы «ИнженеПроектСтрой» ЖШС мекемесі.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521