"Адами капитал – жаңғыру кепілі"

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші тармағында әлеуметтік саясатқа айрықша тоқталып, жұмыспен қамту, адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібін айтқан еді.

Мемлекет басшысының «Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру» атты 84-қадамын жүзеге асыру мақсатында «Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады» делінген болатын.

Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар бойы белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп, азаматтардың өмір сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жаһандық дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап болған қиындықтарға қарамастан, қазақстандықтардың әл-ауқаты әркез арттырылып келді.

Еліміз бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап, жаңа нысандағы атаулы әлеу­мет­тік көмек көрсетілуде. Жыл басынан 36 отбасы өтініш білдіріп, оның ішінде 33 отбасына жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Оның ішінде 31 отбасына шартты ақшалай көмек, 2 отбасына шартсыз ақшалай көмек тағайындалды. 31 отбасының ішіндегі жұмысқа қабілетті 21 адамды тұрақты жұмысқа, 9 адамды уақытша қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 1 адам қайта даярлау кәсіптік оқуына жіберілді, 11 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалды.

Міне, Елбасымыз алдымызға қойған жаңарған әлеуметтік саясат жасау міндетіне байланысты, мемлекеттің әлеуметтік саладағы рөлі әлсіз қорғалған азаматтарды қолдаумен және адам капиталына салынған инвестицияларды қамтамасыз етумен шектеледі. Біздің мақсатымыз – халыққа талапқа сай қызмет көрсету. Елбасымыз айтқандай, қарапайым адамдардың әлеуметтік көңіл-күйі біздің басты мақсатқа ілгерілеуіміздің маңызды индикаторы болуы тиіс. Өйткені, әлеуметтік қорғау саласы-халықтың әл-ауқаты, тыныс-тіршілігімен біте қайнасып жұмыс атқарады. Сондықтан, әлеуметтің жағдайы қашанда назардан тыс қалмайды.

Ж.ЕСЕНГУЖИН,

орталық директорының міндетін уақытша атқарушы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521