40 оқушы әскерге аттанды

(5 Votes)

Бүгін 11 маусым күні ауданда алғаш рет мектеп оқушыларына арналған «Айбын» шатырлы әскери-патриоттық лагері жұмысын бастады. Доссор кентіндегі Байбақты ата бағында ұйымдастырылған орталық балаларды әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруге баулиды.

w

w

w

Лагерьдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов қатысып, жаңа жобаға сәттілік тілеп, ұйымдастырушылар мен қатысушыларды құттықтады.

w

w

w

 

Әскери-патриоттық лагерь 11-20 маусым аралығында екі ауысыммен өткізіледі. Әр ауысымның ұзақтығы 5 күннен тұрады. Бұнда 40 ер бала он күн бойы әскери өмірге машықтанатын болады. Алғашқы ауысымда Доссор кенті мектептерінің 20 оқушысы болса, маусымның 15-і күні бұл жасақты Мақат кентінің 20 оқушысы алмастырады.

«Айбын» шатырлы әскери-патриоттық лагерінің күн тәртібі тура әскердегідей. Ұйқыдан тұру, жуынып-шайыну, дене шынықтыру, таңғы ас ішу, қала берді саптық және атыс дайындығына кірісу – бәрі де жарғыдағы ережеге сай ұйымдастырылады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521