Жылы жүрек, ыстық ықыласқа толы кеш

(0 Votes)

2011 жылы Елбасының  жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі  әлеуметтік қызметкерлер күні деп бекітілген болатын. 

Әлеуметтік қызметкерлер күні – бұл адамдардың  мәселелерін  өздеріне бірінші қабылдайтын және осы мәселелерді өз мүмкіндігіне қарай шешуге көмектесетін жандардың мерекесі.

Осыған орай, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесінде ертеңгілік өтті.

Ертеңгілікке бөлімше тәрбиеленушілері, ата-аналар,  аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Өтешова және мамандары қатысты.

taqpaqshylar

Шара барысында  аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Өтешова аталған жүйенің басты құндылығы – кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген қызметкерлердің көмекке зәру мүгедектерге қол ұшын созуға әрқашан әзір болуы. Мұндай жұмысты атқаруда бөлім қызметкерлерінің еңбектері ересен екендігін атап өтіп, кәсіби мерекелерімен әріптестерін құттықтады.

janok

Концерт барысында бөлімше туралы бейнеролик көрсетіліп, Нұрәлі, Айзат, Мадина, Ильназ, Ерназ, Ахмади, Асылбек Айгүл, Айсұлтан, Нұрдәулет, Маржан сынды тәрбиеленушілер тәрбиеші апайларына өлең жолдарын арнап, мерекеге орай дайындаған сыйлықтарын табыстады.

soldattar

Сондай-ақ, қыздар үнді биімен тамылжыта билесе, ұлдар  «Сарбаздар» биін билеп,  бір серпілтіп тастады.

Бөлімше тәрбиеленушілері тәрбиешілеріне арнап «Ұстаз Ана»,  «Әке-ана»  әндерімен  ізгі ниеттерін білдірді.

bastygy

Шара соңында бөлімше  директоры Ж.Жұмабекқызы қорытындылап, үнемі балаларға қамқорлық танытып, қайырымдылықпен айналысып жүрген Қуанышевтар отбасына, инвотакси жүргізушісі А.Темірғазиевке алғыс хат табыс етті.

А.ТАУМҰРЫНОВА

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521