Жәрмеңкеден сауалына жауап алды

(0 Votes)

Халыққа қызмет көрсету орталығында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өтті.

Аталған жәрмеңкенің өтетін орны мен мақсаты туралы аудан тұрғындарына әлеуметтік (Facebook, Instagram) желісінде, облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсының хабарландыру бөліміне және аудандық «Мақат тынысы» газетінің беттерінде алдын ала хабарланған болатын.

Жәрмеңкеге ауданның жергілікті атқарушы орган басшылары және сала мамандары қатысты.

i

i

Барлығы 122 азаматқа жұмыспен қамту, ветеринария, жер, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, білім (балабақша) салалары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясында кеңес пен ақпарат берілді. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлерімен азаматтарға «Электрондық үкімет», «Электрондық цифрлы қолтаңба» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу туралы кеңестер мен ақпараттар берілді. 490 жадынама таратылды.

Жәрмеңкеде жұмыспен қамту саласында 25 азаматқа, тұрғын үй саласында 33 азаматқа, білім, оның ішінде балабақша саласында 28 азаматқа, жер, сәулет және қала құрылысы саласында 13, ветеринария саласында 8, спорт және ауыл шаруашылығы салалары бойынша 15 азаматқа кеңес және түсіндірмелер берілді.

А.Садыков,

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521