"Зерде" жұмысын бастады

(0 Votes)

Ауданда жұмыссыз жастарды қолдау мақсатында "Зерде" жобасы жүзеге асуда.

Бағдарлама бойынша 18-29 жас аралығындағы бала күтіміндегі жұмыссыз қыз-келіншектер бес түрлі мамандықты тегін үйренеді. Онда  қатысушылар тігіншілік, аспаздық, бетті әрлеу, құрақ көрпе тігу, тырнақ әсемдеу, шаш әрлеуші мамандықтарын игереді.

arleu-1

Жобаның түпкі мақсаты - жұмыссыз әйелдерді кәсіпкерлікке баулу. Игілікті жобаның шарапатын 60-қа жуық қыз-келіншектер көруде. Олар бір айдан соң жаңа мамандықтың иесі атанып, арнайы сертификатқа ие болады. Айта кетейік, бұл жоба облысымыздың жеті ауданында да жүзеге асады. Мұнайлы өлке алғашқылардың бірі болып, іске кірісті.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521