Саннан сапаға көшетінімізге үміт басым

(0 Votes)

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” деген халқына Жолдауында көптеген игі бастамаларды көтеріп, елдің дамуына қажетті нақты ұсыныстар ұсынып, тапсырмалар берді.

Оның ішінде маған ең ұнағаны – жердің шетелге сатылмауы және бос пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару туралы ұсынысы көңілімнен шықты. Бұл - еліміздің басты қағидасы. Сонымен қатар, мемлекет басшысының мемлекеттік және ұлттық компаниялардағы қызметкерлердің санын 25 процентке қысқарту туралы айтқаны – көңілге қонымды. Біздегі алпауыт ұлттық компаниялардағы қызметкерлердің саны мен жұмысының нәтижесіне қарап, осындай шешімге келді деп ойлаймын.  Ұлттық компаниялар шағын және орта бизнеске демеу болуы керек. Сондай-ақ, Тоқаевтың жаңадан құрылған шағын және орта бизнес кәсіпорындарын негізгі қызметі үшін 3 жылға салықтан босату және осы аралықта шағын және орта бизнесті тексеруге тыйым салғаны өте орынды. Өйткені кез келген елдің экономикасының тірегі осы – шағын және орта бизнес.

Президент   саяси реформа болмай, ешқандай экономикалық жетістіктерге қол жеткізе алмаймыз деді. Халық табысының өсуіне және тұрмыс сапасының артуына арналған өзекті міндеттерді жіктеп көрсетіп, оны іске асырудың нақты жолдарына тоқталды. Сондықтан, Президентіміздің алғашқы Жолдауы өзіндік ерекшелігімен, мән-мағыналығымен, жауапкершілігімен, ұшқырлығымен, көрегендігімен құнды деп есептеймін.

М.Б.Басанов,

Мақат станциясының бастығы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521