Ниет болса, қолдау жеткілікті

(0 Votes)

Әлеуметтік кәсіпкердің қарапайым кәсіпкерден айырмашылығы, оның негізгі мақсаты – ақша емес, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу немесе жеңілдету. Алайда нарықта ол міндетті  түрде өзін-өзі қаржылай қамтамасыз етуі тиіс.

Орталық Азиядағы Еуразия қоры әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау «Жарқыра» бағдарламасы бастау алды.  Аудандағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешудің кәсіпкерлік жолдарын қамтамасыз етуді көздеген жобаның семинары  «Нұр Отан» партиясы  аудандық филиалының ғимаратында  өтті. Аталған бағдарлама «Теңізшевройл» ЖШС қаржылай қолдауымен іске асырылуда.

jarqyra-2

Семинар барысында координатар Асқар Секербаев  әлеуметтік бизнесті дамыту үшін 3 млн теңгені қалай алуға болатындығы, идея мен ресурс, бизнес өтінім туралы толықтай түсіндіріп өтті.

«Жарқыра» бағдарламасына он сегіз жастан асқан әлеуметтік кәсіпкерлерге толық қолдау көрсету қарастырылған. Байқауға қатысу үшін өтінім онлайн беріледі.   Бұл өтінімнен кейін сарапшылар 30 жобаны іріктеп алады. Сарапшылар үздіктерді іріктеуде әлеуметтік маңыздылыққа, оны шешу жолының тиімділігіне аса мән береді.  Содан кейін қатысушылар таныстыру семинары мен тренингтен, сондай-ақ тағылымнамадан өтеді, кеңес алып, бизнес-жобаларын қорғайды.   Ең үздік деп танылған 1 жобаға  1 грант беріледі. Ал, қалған әлеуметтік кәсіпкерлерге пайызсыз қарыз 5 жылға беріледі.  Жобаларын жалғастырушыларға -3 млн теңге, стартаптар үшін 1,5 млн теңге бөлінеді деді. Бірақ,  әлеуметтік кәсіпкерге берілетін несиеге  кепіл қою керек. Несиені жарты жылдан кейін ғана қайтарады.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан мамандарға сұрақтар қойылып, толығырақ мәлімет алу үшін 22-23 ақпан күндері Атырау қаласында 2 күндік семинарға шақырту алды.

А.ТАУМҰРЫНОВА

Cуреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521