Мұғалім - қадірлі маман иесі

(2 Votes)

Ұстаз мамандығының беделін арттыру кез келген мемлекеттің білім беру саясатының басты бағыттарының бірі саналады.

 Тәуелсіз еліміздің жас жеткіншектеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісі ең алдымен мектептегі мұғалімдердің білімі мен біліктілігіне байланысты.

Қазіргі бәсекеге толы дүниеде мұғалімдік қызметке барынша дарынды адамдарды тарту өмірлік қажеттілікке айналуда.

Жаңа адамды тәрбиелеу, білім беру мектептен, мұғалімнен бастау алады.

Ел Президенті Қ.Тоқаев «Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды. 

Сондықтан мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз» деді.

«Алты алаштың баласы бас қосқанда қадірлі орын - мұғалімдікі» деп Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев айтқандай, болашақта ұстаздарға көрсетілетін сый-құрмет те, талап та ерекше боларына сенеміз.

Амангүл ҚҰМАРҚЫЗЫ,

Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521