Мақаттық тұрғындар ауызбіршілік танытты (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Қасиетті айдағы қайырымдылық шаралары жалғасуда. Оңтүстіктегі ағайынға жіберілген қолдаудан кейін де аудан тұрғындары қарап қалмай жақсы амалдарын қайта жандандырды.

Жас та болса біраз іске ұйытқы болып жүрген Асылбек Өтегенұлының бұл бастамасын Мақат тұрғындары жерде қалдырмады. Қаржы алдымен Мақтаарал ауданына жолданатын кезекті көмек деп жиналғанымен кейіннен бүгінгі таңда ол жаққа азық-түлік жолдауда сәл қиындықтар туындағаны белгілі болды.

Ұйымдастырушылар жиылған  68 мың теңгені қылдай 7 отбасыға бөліп, бір айлық азық-түліктерін алып берді.

Әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға жанашырлық таныта білген жерлестері осылайша көптің ыстық ықыласына бөленіп отыр.

А.САДЫКОВ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521