Ұлы тұлғаларды экраннан көретін боламыз

(0 Votes)

Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын оқып танысып шықтым.

Тарихи сананы жаңғырту мақсатында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес бірқатар мәселені қамтуда елімізде ерекше сілкініс, айрықша талпыныс сезілуде. Десек те, әлі де болса, жұмысты ширатып, кең көлемде қызмет атқарудың орайын Елбасы тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісімен байланыстырады. Иә, өзгеге өзеуреп, «керемет екен» дегеннен гөрі, өзіміздің тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғаларымызды фильм арқылы жадымызға түйсек, оған өскелең ұрпақтың зейін қойып, мұқият есте сақтауына мүмкіндік зор болары сөзсіз.

Елбасы мақаласында: «Тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек. Аталған жобалар кең халықаралық ынтымақтастық аясында отандық және шетелдік үздік сценаристерді, режиссерлерді, актерлерді, продюсерлерді және заманауи кино өндірісінің басқа да мамандарын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс» деді. Бұл бағыттағы отандық киноиндустрияның тәжірибесі жетерлік. Себебі, соңғы кезде сапалы дүниелерді тамашалап та жүрміз.

Ұлы даланың аңызға айналған тұлғалары мен кейбір оқиғаларды ауызша әңгімелегеннен гөрі экраннан тамашалаған әлдеқайда қызық, мазмұнды. Сол сияқты, соңғы кездері батыстың балаларға арналған мульт кейіпкерлері де түрлі сынға ұшырап, балалар психологиясына кері әсер етеді деген пікірлер жиі айтылып жүр. Біздің ұлтымызда, олардың орнын басар кейіпкерлер де, даналар да жетерлік. Олай болса, Елбасы ұсынған ауқымды жобалардың жүзеге асуын жеделдету – баршаның қолдауы мен саналы түйсігіміз арқылы жүзеге асатын болады.

Б.ЕРМЕКОВ,

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521