Алда келе жатқан тәуелсіздік және жаңа жыл мерекесі тұсында «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының кәсіподақ комитеті ауданымыздағы әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға азық-түлікпен көмектесуді жөн санапты.
Қамкөңіл жандардың көңілдеріне қуаныш болсын деп мұнайшылардың бір ауыздан құптаған бұл бастамасын кәсіподақ төрағасы Самат Мұханбетов өзі бастап тізім бойынша үй-үйді аралап, әріптестерінің аманатын жеткізіп берді. Жалпы аудан бойынша 15 жанұяға қолдау көрсетілсе, соның 8 жанұясы Доссор, 7 -і Мақат кентінен. Бұған дейін де бірнеше қайырымдылық істерге белсенділік танытып жүрген бұл ұжымға тұрғындардың кейбірі азық-түлігін алып жатып, басқа да мұң-мұқтаждарын жеткізіп үлгерді.
![]()
Көмек сұрағандардың өтініші жерде қалмайтынын ескерткен кәсіподақ төрағасы, сұранысты келесіде қаперіне алатынын жеткізді.
![]()
"Қара алтынның" қадіріне жетіп қана қоймай, "қара" халықтың қамын күйттеп жүрген бұл ұжымға айтулы мереке тұсында көңілі бір көтеріліп қалған аудан тұрғындары ағынан жарылып, алғысын білдірді.
А.САДЫКОВ
Суреттер автордікі


