Кәсіп иелері марапаттан құр қалмады.

(0 Votes)

"Жыл кәсіпкері-2019" атты Мақат ауданының кәсіпкерлеріне арналған мерекелік кеш өтті. Өркендеудегі өте маңызды талаптардың бірі - шағын және орта бизнесті дамыту. Кештің мақсаты да кәсіпкерлікті дамытып, ауданымыздың тыныс-тіршілігіне араласып, көмегін тигізіп жүрген азаматтар мен азаматшалардың ерен еңбектерін бағалап, үздік жыл кәсіпкерлерін марапаттау еді.

Салтанатты шараның алғы сөзінде аудан әкімі Шәкір Кейкинұлы елбасының еуропа елдеріндегі кәсіпкерліктен түсетін табыс туралы мысалын  алға тартып, біздің кәсіпкерлердің де осындай қарқынға ие болуы үшін мемлекет тарапынан жасалынып жатқан игі бастамаларға тоқталып өтті. Кәсіпкер болудың оңай емес екенін ескерген аудан әкімі оларды біздің мақтаныштарымыз деді. Көптеген бағдарламалар аясында жас кәсіпкерлер  қайтарымсыз беріліп жатқан қаражатпен жыртығын жамамаса да, алғашқы кәсібін бастап кетуде. Сондай-ақ аз мөлшердегі өсіммен несие алып кәсібін жандандырып жатқан кәсіпкерлер де жоқ емес. Ауданымыздың үстінен кесіп өтетін жаңадан салынып жатқан Ақтөбе-Астрахань жолының да кәсіпкер мен олардың нысандарының көбеюіне ықпал ететінін атап өтті. Ауыл шаруашылығы бағытындағы істердің өркендеуіне де негіз жоқ емес. Облыс әкімінің қолдауымен көршілес Қызылқоға ауданынан жер алынып, аудан көлемі кеңіп қана қоймай шаруалар үшін жаңа мүмкіндіктер туындауда. Ауданымызда 2019 жылдың 11 айында 1364 шағын бизнес субъектілері тіркелді, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 2 пайызға жоғары. Тарқатып айтсақ 93 заңды тұлға, 35 шаруа қожалығы, 1236 жеке кәсіпкер. Аталған кәсіпкерлік құрылымдарда барлығы 3238 адам жұмыс жасайды екен. Бұл ретегі өткен жылмен салыстырғандағы пайыздық өсім 1-ді құрайды.  Мемлекеттік бағдарламалар арқылы 38 кәсіпкер 512 млн. 500 мың теңге  көлемінде қаржылай қолдау алып, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге өскен.

img_8442

Аудан әкімі салтанатты кеште әрі қарай бір топ кәсіпкерлерге  өз алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Жанашұлы мен "Nur Otan" партиясының бірінші орынбасары Ербол Қонысбайұлы да түрлі кәсіп иелерін марапаттауды ұмыт қалдырмады.

img_8481

Жаста болса бас болып, бірер кәсіпті басқарып жүрген жастарымыз аз емес. Бұл ретте "Үздік жас кәсіпкер" номинациясы бойынша "Нурик" құрылыс дүкенінің иесі Б.Боранбаев пен сұлулық салонымен сән кіргізіп жүрген С.Шеруенова лауреат атанса, жеңімпаз болып "Мырза" фото салонының иесі А.Өтегенұлы танылды.

img_8486

"Сәтті старт" номинациясымен "Сәтті" кафесінің иесі Ә.Амангелді мен "Автокөліктерге қызмет көрсету кешенінен" Д.Жұмағалиев лауреат атанса, номинация жеңімпазы болып "Мөлдір" дүкені, наубайхана және монша қызметтерімен көзге түскен А.Рахметов марапатталды.

img_8492

 "Үздік ауыл шаруашылық саласының кәсіпкері" номинациясының лауреаттары болып "Жол-Нұр" шаруа қожалығының иесі   Ғ.Габдуллин  мен "Батиха" шаруа қожалығының иесі Б.Едігеева атанса, аталмыш номинацияның жеңімпазы болып "Қожағали" шаруа қожалығымен С.Тұрғанбаев танылды.

img_8507

Ал,  "Үздік отбасылық бизнес" номинациясының лауреаттары болып  "Болашақ" сауда үйінен М.Қуанышова мен "Әлібек" сауда үйінен С.Саркенжиева марапатқа ие болып, жеңімпазы болып "Гүлмира" сауда үйі мен "Қазына" мейрамханасының қожайыны Г. Биманов танылды.

img_8510

"Үздік қызмет көрсету саласының кәсіпкері" номинациясының лауреаттары атағын "Наурыз" ойын-сауық кешенімен Н.Исмагулов және "Үміт" сауда үйімен Б.Турсиева алса, аталмыш саланың жеңімпазы болып "Арнаулы техникаларды жалға беру", "Өндірістік база және ғимаратты жалға беру", "Автокөліктерге қызмет көрсету кешені" қызметімен Нақпаев Қадыржан  марапатталды.

img_8514

"Сауда саласының қызметі" аталымымен "Әмина" құрылыс дүкенінен Н.Абилова мен "Зуля-Нұр" сауда үйімен Г.Аманиязова лауреат атанса, "Инабат" сауда үйінің иесі Б.Қарабаев жеңімпаз атанды.

img_8524

 "Үздік кәсіпкер әйел" номинациясы бойынша "Залина" мейрамханасынан Н.Джиеналива мен  "Данияр" сауда үйінен Ш.Жұмабаева лауреат атанса, жеңімпаз болып "Ару" сауда орталығынан Б.Бегениязова танылды.

img_8528

 "Үздік өндіруші" номинациясында "Айбас нан" наубайханасымен Қ.Турсиева  мен "Сембаев" наубайханасынан Н.Сембаева лауреат атанса, жеңімпаз ретінде  "Дана" кулинариясынан Жанат Туленова ортаға шақырылды.

img_8464

Ауданда алғаш болып кәсібін дөңгелеткен жандар да бұл кеште марапаттан құр қалмады. "Ардагер кәсіпкер" номинациясы бойынша "Абдолла", "Қаламқас" дүкенінің иесі Жантуриева Күнсұлу мен "Анар" сауда орынынан М.Нұралина  лауреат атанса, бұл аталымның жеңімпазы болып "Барыс" базарының иесі С.Аманиязов танылды.

img_8534

Ал, кештің  басты марапатына  "Жыл кәсіпкері-2019"  номинациясымен "Держава-К" сауда үйлері,"Жылыжай" қызметі, "Кент" автокөліктерге қызмет көрсету кешені қожайыны Тулеуов Бағытжан Қайырболатұлы  ие болды.

Кеш барысында аудан өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып әсем ән мен көңілді билермен шараның сәнін кіргізді. 

А.САДЫКОВ
суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521